Авиация генерал-майоры Мұхамеджан Ибраев дүниеден өтті

906

Отставкадағы авиация генерал-майоры Мұхамеджан Шәмүшкенұлы Ибраев 70 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Авиация генерал-майоры Мұхамеджан Ибраев дүниеден өтті

Мұхамеджан Шәмүшкенұлы 1953 жылы 18 мамырда Алматы облысы Іле ауданының Жаңа-Талап аулында дүниеге келген.

Ол Әскери училище курсантынан бастап Әуе қорғанысы күштері қолбасшысына дейін әскери қызмет өткерді.

Авиация Бас маршалы К.А. Вершинин атындағы Барнаул жоғары әскери авиациялық училищесін, Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Авиация генерал-майоры Мұхамеджан Ибраев Қазақстан армиясының әскери авиациясын дамытудың басында тұрды, еліміздің қазіргі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құруға белсенді түрде қатысты. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің тұңғыш қолбасшысы болды.

"Даңқ" орденімен наградталған.

Құрметті демалысқа шыққаннан кейін де өзінің баға жетпес тәжірибесін Әуе қорғанысы күштері офицерлерінің жас ұрпағымен бөлісе білді, оқытушылық және ғылыми қызметпен айналысты. Әскери ғылымдардың кандидаты, Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультеті жедел өнер кафедрасының профессоры болды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы отставкадағы авиация генерал-майоры Мұхамеджан Шәмүшкенұлы Ибраевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу