БАҚ беттерінде Алматының әуежайында ұшақтан өрт шықты деген ақпарат тараған болатын. Азаматтық авиация комитеті аталған дерекке қатысты ресми мәлімет берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Air Astana әуе компаниясының ұшағына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарат бойынша Алматы әуежайында өрттің болмағанын хабарлаймыз.
Алматы халықаралық әуежайының ақпаратына сәйкес, регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде қосалқы күш қондырғысының жұмысынан түтін шыққан", - делінген комитет хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу