Авиация қызметін қадағалайтын дербес мемлекеттік орган құрылуы мүмкін

1157

Авиация қызметін қадағалайтын дербес мемлекеттік орган құрылуы мүмкін

Әуе сапарларының қауіпсіздігін қадағалайтын дербес мемлекеттік орган құрылуы тиіс. Бүгін сенаттың пленарлық отырысында Талғат Мұсабаев,, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа осындай депутаттық сауал жолдады.

Ұшақ пен ұшу жүйесінің қыр-сырын бес саусағындай білетін ғашыркер Қазақстанда авиация қызметінің тым нашарлап, бақылаудан шығып кеткеніне қатты наразы. Сондықтан депутат жаңа құрылатын органға барлық авиация құрлымын өткізіп беру қажет екенін айтады. Онда әуе техникасынан бастап, ұшқыштар, диспетчерлік ұжым, инженерлік құрамның да жағдайы тексеріліп, бақылау жүргізіліп отырмақ. Әсіресе, бұл азаматтық және санитарлық авиацияға тікелей қатысты. Сондай-ақ, бақылау мен қадағалау қызметіне,, тергеу жұмыстарын да қосу керектігін ескертті.

Еске салайық, 3-қазанда Алматы-Шымкент бағытында санитарлық авиа рейсін орындаған "АН-28" ұшағы құлап, 5 адам қаза тапты.

Талғат Мұсабев, ҚР парламенті сенатының депутаты:

"Соңғы жағдайлар мен халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сертификация беруі қызметін бақылау және қадағалау жүйесінен бөлу керек. Бұл әуе апаты тіркелген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ең бастысы ұшу кезіндегі қауіпсіздікті жақсаруымыз керек. Сондай-ақ, бақылау және қадағалау қызметін тергеу жүйесімен біріктіру де қажет. Сөйтіп, Үкіметтік деңгейде жеке мемлекеттік орган құрылса деймін. Өйткені мұндай жауапты әрі қауіптілігі жоғары қызметтер министрліктің құрамында болмауға тиіс".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу