Авиациялық отынды қымбат бағамен сатқан әуежайға айыппұл салынды

900

Қостанай Халықаралық Әуежайы авиациялық отынды бір жыл бойы шектен тыс қымбат бағамен сатып келген, деп хабарлайды Atameken Business.    

Авиациялық отынды қымбат бағамен сатқан әуежайға айыппұл салынды

Тоннасын 407 мың теңгеден саудалапты. Мұндай баға еліміздің бір де бір өңірінде жоқ. Басқа облыстарда бұл отынның құны тоннасына 311- 353 мың теңге, яғни, 90-50 мың теңгеге арзан.  "Қайдан құлақ шығарса қазаншының өз еркі" демекші, әуежай монополисттік үстемдігін пайдаланған. Қостанай облысында ұшақтарды жанар-жағар маймен қамту нарығының 35 проценттен астамы осы кәсіпорынның үлесінде.  Авиациялық отынның құнын асыра сату арқылы 8 млн теңгеге жуық пайда тапқан. Бақылаушы органның тексеруінен кейін бұл былықтың беті ашылды. Іс қалалық мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды. 3 млн 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ заңсыз жолмен тапқан табысы мемлекеттік қазынаға қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу