Президент сынынан кейін ведомство бірден отын құнын төмендету тетіктерін тапты.
– Негізгі рөлді "ҚазМұнайгаз-Аэро" компаниясы атқарады. Ол отынды ірі көтерме партиямен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. 200-300 тоннадан сатып алып, біршама жоғары бағада төлем жасайтын жекелеген әуежайларға қарағанда көтерме сатып алу өзіндік құнын біршама төмендетуге мүмкіндік береді, – деді ол бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі брифингіде.
Сонымен қатар, министр авиаотын құнын төмендетуге мүмкіндік беретін өзге де шараларға тоқталды.
– Екінші – мемлекет импортты ҚҚС-тен босатты. Үшінші – әуежайлар әрбір ұшақтан жанар-жағармай құйғаны үшін 200-ден 300 долларға дейін роялти алатын. Бүгінде олар роялти мен инфрақұрылымдық алым алмайды. Соңғы уақытта нарықта баға қатты құбылды. Яғни, Қазақстанмен шекарада баға 960 доллар болатын. Қазір "ҚМГ-Аэро" сатып алған ең жоғары баға – 715 доллар. Сондықтан да осы ресурстардың есебінен жалпы төмендеу болып жатыр, – деді Нұрлан Сауранбаев.