"Авиакомпаниялар ұшпайтын рейстерге билет сатқан"

2851

Халықаралық әуе жолдары жабық.  

"Авиакомпаниялар ұшпайтын рейстерге билет сатқан"

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов халықаралық әуе рейстеріне қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, әуе компаниялары ұшпайтын рейстерге билет сатқан.

"Әуе рейстеріне кезең-кезеңмен рұқсат етіле бастаған кезде, бірқатар әуе компаниясы жолаушыларға ақпаратты дұрыс жеткізбеді. Нәтижесінде авиакомпаниялар ұшпайтын рейстерге билет сатқан. Мысалы, Шымкентте осындай билет сатып алған жолаушылар әуежайға келгенде, ұшақ жоқ, есіктер жабық тұрған. Осындай жағдайға кез болмас үшін, билет алмастан бұрын халықаралық әуе қатынасына ресми рұқсат берілгенін күткен жөн. Қазір шетелге ұшатын әуе рейстеріне билет сатып алуға кеңес бермеймін. Халықаралық әуе жолдары жабық. Жақын арада ашыла қоймайды. Бүгінгі күні отандық және шетелдік авиакомпаниялармен халықаралық әуе қатынасы мәселесін пысықтап жатырмыз. Ең дұрыс шешімді қарастырамыз. Алайда әзірше бұл мәселе шешілген жоқ", – деді Сәдуақас Байғабұлов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу