"ҚазМұнайГаз" ҰК (ҚМГ) жыл басынан бері екінші рет авиаотын бағасын төмендетті, деп хабарлайды компания.
РТ маркадағы авиациялық отын Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарында өндіріледі.
Атырау МӨЗ-де өндірілген авиаотынның көтерме бағасы ақпанмен салыстырғанда 2,7% - ға, жыл басынан бері 5,6% - ға төмендеді. Павлодар МӨЗ авиаотынының көтерме бағасы жыл басынан бері 4,4% - ға азайды.
"Екінші рет авиаотын бағасының төмендеуі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталғаннан кейін мүмкін болды. Жаңғырту сондай-ақ Қазақстанның ішкі нарығын мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге және қымбат импорттық авиа отынынан бас тартуға мүмкіндік берді", - дейді компаниядан.
Естеріңізге сала кетейік, биыл РТ маркалы авиа отынның көтерме бағасы ақпан айында төмендеген еді.