Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаменті "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтап, басым жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сот шешімімен компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл мен монополиялық кірісті тәркілеудің жалпы сомасы 16,6 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, заң бұзушылықты тоқтату туралы нұсқама енгізілді.
Осындай жағдай Қызылорда облысында да тіркелді. "Қорқыт Ата" әуежайы" АҚ қызметінде авиаотын бағасының негізсіз көтерілгені анықталып, бұл кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының бұзылуы ретінде сараланды. Сот шешімімен компанияға 7,3 млн теңге айыппұл салынып, 2,5 млн теңге көлемінде монополиялық кіріс тәркіленді.
Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, оның аясында авиаотын бағасы 780 мың теңгеден 533 750 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді.