Авиажолаушылардың 82%-ы ПТР-анықтамалармен келген

652

2020 жылғы 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Мысыр, БАӘ, Түркия, Грузия және Ресей Федерациясынан 14 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. 

Авиажолаушылардың 82%-ы ПТР-анықтамалармен келген

1 592 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеу анықтасымен 1 321 адам, анықтамасыз 271 адам келді. Олардың барлығы ел азаматтары. 

Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 804 жолаушы, анықтамамен - 643, анықтамасыз - 161;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 647 жолаушы, анықтамамен - 539, анықтамасыз - 108;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 141 жолаушы, анықтамамен - 139, анықтамасыз - 2;

Анықтамасыз оралған Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды. Барлық 271 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу