Австралия 50-ден аса қара дельфин жағаға шығып қалды

358

Су жануарларының қырылу себебі әзірге белгісіз.

Австралия 50-ден аса қара дельфин жағаға шығып қалды Фото: DayTimeNews

Батыс Австралиядағы бұрынғы Сheynes Beach кит аулау станциясына жақын маңда ондаған дөңгелек басты кит немесе қара дельфин соқпа толқынмен қайраңға шығып, қырылып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Табиғатты қорғау қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып, таяз суда қырылуы мүмкін қалған 45 жануарды жартасты мүйістен қашыққа, терең суға қайтармақ.

Теңіз жануарларын құтқару операциясы кеме көп жүретін аймақта, қолайсыз күн райы жағдайында өтіп жатыр. Құтқарушылар жұмысын суда акулалардың болуы да қиындатады.

Айта кетейік, жыл сайын 300-ге жуық теңіз жануары жағаға шығып қалады. Ғалымдар бұл жағдайдың себептерін әзірге білмей жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу