Австралия билігі Мәскеуге қарсы жаңа санкция енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Канберраның қара тізіміне Ресейдің 147 азаматы енгізілді. Олардың қатарында елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бар.
Бұған дейін Ұлыбритания Ресейдің 26 жеке және заңды тұлғасына шектеулер салғаны туралы хабарланған болатын. Қара тізімге Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков, әскери сарапшы Игорь Коротченко, Ресей темір жолдарының басшысы Олег Белозеров, ФҚҚ басшысының бірінші орынбасары Сергей Королев, "Москва" крейсерінің командирі Антон Куприн, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы басшысының бірінші орынбасары Николай Богдановский, ТЖМ басшысының міндетін уақытша атқарушы Александр Чуприян, әуе күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Андрей Сердюков енгізілді.
Табиғат Нұрболат
Фото: Shutterstock.com