Австралия ресейлік компанияларға қарсы экономикалық санкциялардың жаңа пакетін жариялады. Қара тізімге мұнай өндіру, кеме жасау және басқа да салалармен байланысты 14 кәсіпорын енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Шектеу "Газпром", "Газпром нефть" және "Транснефть" отын-энергетикалық компаниялары, "Біріккен кеме жасау корпорациясы" АҚ, "Севмаш" ӨБ , "Совкомфлот" кеме қатынасы компаниясы, Новороссийск теңіз сауда портына салынды. Сонымен қатар санкциялар ресейлік көлік шығаратын "КАМАЗ", алмаз өндіретін "Алрос" компанияларына, "Росэлектроника" холдингіне, "Ростелеком" ЖАҚ, "Согаз" сақтандыру қоғамы және Visit Russia деп аталатын теміржол турларын брондау орталығына қарсы енгізілді.
Өткен аптада Ресей Австралияның 228 азаматын қара тізімге қосқан болатын. Олардың қатарында елдің Премьер-Министрі Скотт Моррисон бар. Сонымен қатар елдегі бірқатар депутатқа қарсы жеке шектеулер жарияланды.
Табиғат Нұрболат