Австралия ресейлік журналистер пен мемлекеттік қызметкерлерге санкция салды

606

Ресейдің "Вагнер" жеке әскери компаниясына рестрикция жарияланды.

Австралия ресейлік журналистер пен мемлекеттік қызметкерлерге санкция салды

Австралия билігі сегіз ресейлік журналиске, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік қызметкер мен ұйымға қарсы санкция салды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Қара тізімге "Россия сегодня" ақпараттық агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселев, RT бас директоры Алексей Николов, бүкілресейлік мемлекеттік теледидар және хабар тарату компаниясының журналисі және жүргізушісі Сергей Брилев, "Газпром медиа" холдингінің бас директоры Александр Жаров, тележүргізуші Михаил Леонтьев, әскери тілшілер Евгений Поддубный, Александр Коц және Дмитрий Стешин, "Жеңіс" мұражайының директоры Александр Школьник, Ресей ТЖМ басшысының міндетін атқарушы Александр Чуприян, ФҚК директорының бірінші орынбасары Сергей Королев және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы басшысының бірінші орынбасары Николай Богдановский енгізілді. 

Сонымен қатар Ресейдің "Вагнер" жеке әскери компаниясына және Беларусьтың "Минотор-сервис" шынжыр табанды жабдықтарын өндірушісі мен "КБ Радар"ААҚ деп аталатын екі кәсіпорнына шектеу салынды. 

Осы күнге дейін АвстралияРесей мен Беларусьтың 812 азаматына және Ресей Федерациясының 47 ірі кәсіпорындары мен ұйымдарына қарсы санкция жариялады. Олардың қатарында Владимир Путин мен Александр Лукашенко бар. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу