Австралия тағы да Ресейге қарсы санкциялар енгізді

602

ЕО санкцияларының алтыншы пакеті бойынша одақ алты ай ішінде Ресей мұнайын сатып алудан бас тартып, жыл соңына дейін мұнай өнімдерінің импортын тоқтатпақ.  

Австралия тағы да Ресейге қарсы санкциялар енгізді

Австралия Ресейдің Мемлекеттік Думасының 75 депутатына қарсы санкциялар салды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Австралия ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, қара тізімге Донецк Халық Республикасының 20 министрі және Луганск Халық Республикасының 12 негізгі министрі енгізілді. Сонымен қатар ресейлік журналист Владимир Соловьевке қарсы шектеулер жарияланды.

22 сәуірде Канберра Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар салғанын мәлім етті. Ол кезде Ресейдің 147 азаматына, оның ішінде Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровқа қарсы шектеу жарияланған болатын.

Wall Street Journal басылымының дерегіне сүйенсек, ЕО санкцияларының алтыншы пакеті бойынша одақ алты ай ішінде Ресей мұнайын сатып алудан бас тартып, жыл соңына дейін мұнай өнімдерінің импортын тоқтатпақ. Венгрия мен Словакия елдеріне ресейлік мұнай импортынан бас тарту үшін 20 ай беріледі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу