Австралия Украинаға осы елдің Президенті Владимир Зеленскийдің өтініші бойынша бірнеше бронетранспортерді жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz Австралия Премьер-Министрі Скотт Моррисонның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Біз Украинаға қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді жіберіп, гуманитарлық көмек көрсетіп жатырмыз. Енді біз Bushmaster бронетранспортерлерін жібереміз", – деді Моррисон.
Австралияның Қорғаныс министрі Питер Даттонның айтуынша, қазіргі уақытта қорғаныс министрлігі логистика мәселесін пысықтап, үш-төрт бронетранспортерді қалай жіберуге болатынын қарастырып жатыр. Бұған дейін Австралия Украинаның Қарулы күштеріне қару-жарақ сатып алу үшін шамамен 116 миллион австралиялық доллар (86 миллион доллар) бөліп, бірқатар қару-жарақ пен оқ-дәріні жөнелтті.
Австралия билігі украин халқына гуманитарлық көмек ретінде 18,7 миллион доллар шығындады.
Табиғат Нұрболат