Австралия Украинаға M113AS4 деп аталатын төрт бронетранспортерді жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ресми Канберра оның 14-ін жеткізетінін мәлімдеген еді.
Жауынгерлік машиналар Эмберлидегі Корольдік Әуе күштерінің базасынан өткен аптада шықты. Оларды украиналық Ан-124 ұшағы елге тасымалдады.
Киевке көрсетілетін әскери көмек пакеті аясында 285 австралиялық доллар (шамамен 198 миллион доллар) бөлінеді. Украинаға Bushmaster бронетранспортерлері, M777 гаубицалары, дрондар, танкке қарсы қару-жарақтар, оқ-дәрілер мен басқа да жабдықтар беріледі.
Бұған дейін НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы қақтығыс бірнеше жылдарға созылуы мүмкін екенін, сондықтан оған көрсетілетін көмек тоқтамайтынын мәлім етті.
Табиғат Нұрболат