Австралия, Жапония, Нидерланд Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

1627

Нидерланд құны 200 млн еуродан асатын ресейлік активтерді бұғаттап тастады. 

Австралия, Жапония, Нидерланд Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Австралия билігі австралиялық компаниялардың активтері мен акцияларына ие екі ресейлік кәсіпкерге, сондай-ақ Ресей Федерациясының 11 банкіне қарсы санкциялар салды. Ресейдің борышты басқаруға жауапты барлық мемлекеттік құрылымдарына шектеу жарияланды.

Жапония Ресейдің 76 жеке тұлғасы мен 12 компаниясын қара тізімге енгізді. Олардың Жапониядағы активтері бұғатталып, сонымен қатар оларға қаржылық операциялар жүргізуге тыйым салынады. Нидерланды билігі болса, құны 200 млн еуродан асатын ресейлік активтерді бұғаттап тастады. 

Бұған дейін Жаңа Зеландия Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізетінін жариялаған болатын. Ресей Президенті Владимир Путиннің және Қауіпсіздік Кеңесінің 12 мүшесінің, оның ішінде Премьер-Министр Михаил Мишустиннің, Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың, Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың және Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниковтың активтері табылса, олардың активтері бұғатталады.  

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу