Австралияның батысында орналасқан Хамелин шығанағында 150 қара дельфин жағаға шығып қалды. Қазір олардың он бесі ғана тірі қалған, деп хабарлайды 24.kz.
Эколог Бен Тэнноктың айтуынша, мамандар мен еріктілер қалған дельфиндерді судың тереңіне жіберуге тырысуда. Жағажай уақытша жабылған, сондай-ақ демалушыларға жағажайға жақындамауды ескертіп жатыр. Себебі өлген дельфиндер акуланың жағаға жақындауына себеп болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу