Австралияда әскери жаттығу басталды, оған 17 елдің әуе күштері қатысуда

604

Оқу-жаттығулар 8 қыркүйекте аяқталады.

Австралияда әскери жаттығу басталды, оған 17 елдің әуе күштері қатысуда

Австралияда Pitch Black деп аталатын әскери жаттығулар басталды. Оған 2,5 мыңнан астам әскери қызметкер мен жүзге жуық ұшақ жұмылдырылды. Жаттығуларға Австралия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Сингапур, АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея және Жапония елдері қатысуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Pitch Black оқу-жаттығулары – ауқымды ұжымдық іс-шара, оның аясында әуеден жасалатын шабуылға және көпұлтты коалиция күштерінің соққысына қарсы тактикалық тапсырмалар орындалатын болады", – деп жазылған Австралияның Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Биыл Pitch Black жаттығуларына Германия, Оңтүстік Корея және Жапония әуе күштері алғаш рет шақырылып отыр. Канада, Малайзия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, БАӘ, Таиланд және Филиппин елдерінің тек жер үсті қызметкерлері қатысады.

Оқу-жаттығулар 8 қыркүйекте аяқталады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу