Австралияның Мельбурн қаласындағы химиялық зауыт қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды 24.kz.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 100 өрт сөндіруші мен 30 арнайы техника жұмылдырылған. Жергілікті билік қала тұрғындарын үйден шықпауға шақырды. Өйткені ауаға улы газ тарап кеткен.
Ресми дерекке сүйенсек, мамандар әзірге зауыттағы өртті сөндірген жоқ. Себебі ацетон мен газ толы баллондар кез келген уақыт жарылып, адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Жергілікті ақпарат құралдары жарақат алғандар мен қаза тапқандар туралы ақпарат жарияламады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу