Австралияда құны $800 млн болатын есірткі партиясы тәркіленді

1011

Ол Мельбурн теңіз портында жүктерді тексеру кезінде табылған. 

Австралияда құны $800 млн болатын есірткі партиясы тәркіленді

Австралияның федералдық полициясы 800 миллион доллар тұратын есірткі партиясын тәркіледі. Бұл ел тарихындағы ең ірі "олжа". Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

Мельбурн қаласындағы операцияны сәуір айында федералдық полиция мен Австралияның кедендік қызметі жүргізген. Есірткі жүктердің арасынан, нақтырақ айтқанда, акустикалық стереодинамика партиясына жасырылған жерден табылған. Ресми дереккке сүйенсек, метамфетаминнің 1,596 тоннасы, героиннің 37 килограмы тәркіленді.  

5 желтоқсанда осы іс бойынша екі ер адам және бір әйел қамауға алынған. Оларға заңсыз есірткі айналымымен айналысты деген айып тағылып отыр. Ұсталғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу