Австралияда күн ысып, орман өрті өршіп тұр. Виктория штатында 17 мың гектар аумақты қызыл жалын шарпыған. Тілсіз жаумен күресуге 650-ден астам өрт сөндіруші тартылған.
Осының алдында Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының билігі орман алқабына жақын жерде от жағуға тыйым салған болатын. Жалпы бұл өңірде жыл басынан бері 82 орында өрт тіркелген, оның 16-сы әлі толық сөндірілген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу