Әлемнің бірнеше елінде табиғат тосын мінез танытты. Австралияның Сидней қаласында соңғы 80 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді, деп хабарлайды khabar.kz.
Елдің ең ірі мегаполисінде сынап бағанасы 43 градустан асып тұр. Мұндай құбылыс бұған дейін 1939 жылы тіркелген. Осыған байланысты жергілікті билік өрт қаупі туралы ескерту жариялап, от жағуға тыйым салды.
Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 7 мың тұрғынүй электр жарығынсыз қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу