Австралияда су деңгейі 3 метрге дейін көтерілуі мүмкін

891

Австралияда су деңгейі 3 метрге дейін көтерілуі мүмкін

Австралияда ойран салған "Дебби" дауылы мен толассыз жауыннан кейін Квинсленд және Жаңа Оңтүстік Уэлс штаттарында сел жүрді, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, тасқын Лисмор қаласындағы бөгетті бұзып, шаһар көшелерін шайып кеткен. Осыған байланысты мыңдаған тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметіне жүгінсек, кей ауданда су деңгейі үш метрге дейін көтерілуі мүмкін. Жергілікті билік қалған тұрғындарға жедел көшуге кеңес берді. Өйткені күре жолдар жабылып қалуы мүмкін.

Метеорологтардың болжауынша, жауын әлі бірнеше күн жауады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 мың үй жарықсыз қалып, мыңға жуық мектеп жұмысын тоқтатты. Полиция дауыл кезінде бір адамның жараланғанын хабарлады. Әзірге қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу