Аустралияның Таунсвилл қаласында да бірнеше күн бойы толассыз жауған жауынның салдары алапат су тасқынына ұласты, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті билік аймақтан 400-ден астам тұрғынды өзге жерге көшірді. Елдің екі бірдей штатында төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ барлық тасжолдарда көлік қозғалысы тежелді.
Мамандардың болжамы да көңіл көншітпей тұр. Айтуларынша, нөсер жауын алдағы аптаның соңына дейін жалғаспақ. Әзірге табиғат апатынан келген шығын көлемі есептелген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу