Жаңбыр елдің шығысында басталды. Жергілікті билік мұндай ауа райы тілсіз жауды ауыздықтауға көмектеседі деген пікірде.
Осы күнге дейін аймақтағы қызыл жалынның кесірінен 28 адам қаза тауып, миллиардқа жуық жануар өртеніп кеткен.
Австралиядағы өрттің басталғанына бес айдай болды. Бұған ұзаққа созылған қуаңшылық себеп. Ал құрғақшылықты мамандар жаһандық жылынумен байланыстырып отыр.
Euronews дерегі бойынша, 2000 тұрғын үй мен 10 млн гектар аумақ күлге айналған. Бұл Португалия және Оңтүстік Корея елдерінің аудандарымен пара-пар. Апаттың зардабын елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты тартқан.
Мамандардың болжамына сүйенсек, жаңбыр осы аптаның соңына дейін жалғасуы ықтимал.
Табиғат Нұрболат