Австралиядағы өрт экономика өсімінің 0,5%-ын құртты

2059

2020 жылы ЖІӨ-нің көрсеткіші төмендеуі мүмкін.  

Австралиядағы өрт экономика өсімінің 0,5%-ын құртты

Өткен жылдың күзінен бері Австралия ормандарын жалмаған өрт кесірінен келген шығын 3,5 млрд долларға жетті. Бұл экономиканың өсімінің шамамен 0,5 пайызын құрайды. Бұл туралы елдегі ірі банктердің бірі Westpac мәлім етті.

2020 жылы орман өрті мен темір кені бағасының арзандауының салдарынан Австралияның ЖІӨ-нің көрсеткіші төмендеуі мүмкін деген пікірде сарапшылар.

Негізі, ел экономикасы 90-шы жылдардың басынан бері рецессияға ұшырамай келеді. Бірақ өткен жылдың ортасынан бастап экономика өсімі баяулаған. Бұған шарушалықтың қарызы мен кірістің баяу өсуі сияқты факторлар түрткі.

"Өрттің салдарын бағалау әзірге қиын, өйткені апаттан келген залалдың мөлшері туралы нақты ақпарат жарияланбады. Бірақ сақтандыру залалынан екі есе көп болуы мүмкін", - дейді банк өкілдері.

Ауыл шаруашылығында мыңдаған мал қырылып, электр құрылғылары қирап қалғандықтан, сүт өндірісі іркіліп қалды. Ал бірқатар жүзім алқабын қызыл жалын шарпып, кейбіреулері түтін кесірінен жарамсыз болып қалған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу