Австралиядағы сауда орталығында төрт жасөспірім екі адамға пышақпен шабуылдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Синьхуа агенттігінің жазуынша, жексенбі күні Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы Сиднейдің солтүстігіндегі сауда орталығында пышақпен шабуыл жасаған төрт жасөспірімге айып таққанын хабарлады.
Төтенше жағдайлар қызметі сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де сауда орталығындағы шабуыл туралы хабар алғаннан кейін оқиға орнына жеткен.
Белгілі болғандай, 21 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел зардап шеккен. Бес жасөспірім, оның ішінде екі қыз бен үш ұл алдымен ер адамға шабуыл жасаған, кейін ер адамға көмектесуге тырысқан әйелді де жарақаттаған.
Аяғынан жарақат алған ер адамның жеке заттары ұрланған. Оған алғашқы көмек көрсетілді, кейін ауруханаға жеткізілді.
Осы оқиғадан соң Сиднейдің солтүстігіндегі басқа бір сауда орталығында полиция төрт күдіктіні, атап айтқанда, 16 жастағы үш ұл мен 15 жастағы қызды анықтады. Жасөспірімдер полиция бөлімшесіне жеткізілді.