Австралиялық ғалымдар сенсациялық мәлімдеме жасады

883

Әлемде COVID-19 вирусынан 100% қорғайтын вакцина пайда болуы мүмкін. 

Австралиялық ғалымдар сенсациялық мәлімдеме жасады

Австралиялық ғалымдар препаратты BCG негізінде әзірлеуде. Вакцинацияның иммунитетті "жаттықтыратындығы” дәлелденді, сәйкесінше екпе қабылдаған адамдардың инфекция жұқтыру қаупі өте төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Сидней университетінің бір топ ғалымдары БЦЖ-ны COVID-19 вакцинасымен біріктіруге шешім қабылдады. BCG:CoVac деп аталатын препаратты тышқандарға сынау кезінде коронавирусқа қарсы жоғары қорғаныс қасиеттерін көрсетті. Бірінші вакцинациядан 21 күн өткен соң жануарларға коронавирус енгізілді, нәтижесінде бірде-бір тышқан COVID-19-бен ауырған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу