Австрияның Қорғаныс министрлігінің өкілі Әскери-әуе күштерінің казармаларының бірінің ғимаратында бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы біреуі жараланғанын хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
"20 жастағы күзетші мылтықпен атып, бастығына шабуыл жасады. Оған жауап ретінде атылған оқтан жас жігіт қайтыс болды", - деді Австрия Қорғаныс министрлігінің өкілі Майкл Бауэр.
АРА агенттігінің хабарлауынша, әскери қызметкерлер арасында жанжал туындаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу