Австрия делегациясы Тecxport жобасын таныстырды

734

Жоба бизнеске Австрия аумағында өндірілген кез келген қажетті технологияны табуға мүмкіндік береді.

Австрия делегациясы Тecxport жобасын таныстырды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Австрияның Цифрландыру және экономика федералды министрлігінің Экономика, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы, Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Флориан Фраушермен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметі.

Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықтың, аэронавигациялық ақпаратты басқарудың бірлескен жобаларын, сондай-ақ радиотехникалық жабдықты жеткізу перспективаларын талқылады.

Австрия делегациясы қазақстандық бизнеске Австрия аумағында өндірілген кез келген қажетті технологияны табуға мүмкіндік беретін TECXPORT жобасын таныстырды.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Австрия арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу