Австрия Еуропада бірінші болып міндетті вакциналауды енгізді

1141

Вакциналаудан бас тартқандарға 600-3600 еуроға көлемінде айыппұл салынады.

Австрия Еуропада бірінші болып міндетті вакциналауды енгізді

Австрия Еуропада бірінші болып барлық ересектерді міндетті вакциналаудан өткізу туралы заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Заң 1 ақпанда күшіне енді. Яғни жасы 18-ден асқан әр азамат екпе салдыртуы тиіс. Австрия үкіметі мұндай шараның қатаң екенін мойындап отыр. Бірақ оның  адамдардың өмірін сақтап қалу және пандемияны еңсеру үшін қажет екенін алға тартты.

Заң ресми түрде 2024 қаңтарына дейін енгізілді. Бірақ оған дейін құжаттың күші жойылу мүмкін. Осы жылдың наурыз айының ортасына дейін вакцинация мәртебесі тексерілмейді. Осыдан кейін вакциналаудан бас тартқандарға 600-3600 еуроға көлемінде айыппұл салынады.

Австриялықтардың шамамен 72 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыртты. Тек жүкті әйелдер мен денсаулығына байланысты препарат қабылдауға тыйым салынғандар вакциналаудан босатылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу