Австрия халқы 2022 жылдан бастап вакцина салуға міндеттеледі

739

22 қарашада локдаун енгізіледі.

Австрия халқы 2022 жылдан бастап вакцина салуға міндеттеледі Фото: reuters.com

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Австрия билігі 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап халықты коронавирусқа қарсы вакцина салуға міндеттейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел канцлері Александр Шалленберг мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Біз жалпыұлттық міндетті вакцинацияны енгізу туралы шешім қабылдадық", – деді саясаткер.

Ол Австрияда 22 қарашадан бастап барлық тұрғындар үшін локдаун енгізілетінін жариялады.

Шалленбергтің айтуынша, елдегі ауруханаларда бос орын тапшы, ал науқастардың саны күн санап артуда. Карантин режимі 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

15 қарашада канцлер Австрияда вакцинацияланбаған азаматтар үшін локдаун енгізілетінін айтқан болатын. Ол ереже бойынша, жасы 12-ден асқан вакцина ектірген тұрғындар үйден тек азық-түлік пен қажетті заттар үшін дүкендерге барып, жұмысқа және  серуенге шыға алатыны жарияланды. Бірақ мұндай шара пандемиямен күресу үшін жеткіліксіз деп танылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу