Австрия НАТО-ның Ирактағы миссиясына әскер жібереді

566

Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

Австрия НАТО-ның Ирактағы миссиясына әскер жібереді Фото: Ашық дереккөзден

Австрияның осы елдегі тұрақтылықты сақтауға, лаңкестікпен күресуге және заңсыз көші-қонды тоқтатуға үлес қосу үшін НАТО-ның Ирактағы оқу және кеңес беру миссиясына 10 сарбаз жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz  тілшісі trthaber-ге сілтеме жасап.

Сырты істер министрлігі таратқан мәлімдемеде аймақтағы тұрақтылықты сақтауда Ирактың шешуші рөл атқаратыны айтылған. Сондықтан бұл елдің қауіпсіздігі Еуропа мен Австрияға тікелей әсер етеді делінген.

Сондай-ақ "НАТО-ның оқу және кеңес беру миссиясына қатысу арқылы Ирактың лаңкестікпен, көші-қон себептерімен күресуіне қолдау көрсетеміз" делінген мәлімдемеде. Бұдан бөлек Австрияның осы елге бағытталған гуманитарлық көмек пен дипломатиялық күш-жігері де жалғаса бермек.

Сонымен қатар осы жылдың соңында Австрияның сыртқы істер министрі Александр Шалленберг Иракқа ресми сапармен барады.  Және Бағдадта Австрия елшілігі ашылады.

Жалпы Австрия екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейтараптық принципін қабылдаған. Сондықтан бүгінде ол ешқандай әскери альянстың мүшесі емес әрі әскери қақтығыстарда ешкімнің сөзін сөйлемейді. Дегенмен, Австрия армиясы НАТО-ның 1994 жылы құрған "Бейбітшілік үшін одақ" деп аталатын бастамасында әртүрлі қызметтерді атқарып келеді.

22 маусымда НАТО-ның Ирактағы миссиясына әскер жіберуге арналған мәжіліс отырысы өтеді. Мұнда қабылданған шешімнің нәтижесінде сарбаздар Иракқа жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу