Австрия парламенті экс-канцлер Себастьян Курцты соттауға рұқсат берді

735

Ол 9 қазанда отставкаға кеткен еді.

Австрия парламенті экс-канцлер Себастьян Курцты соттауға рұқсат берді Фото: reuters.com

Австрия парламенті бұрынғы канцлер, Халық партиясының жетекшісі Себастьян Курцты депутаттық дербес құқығынан айырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім бірауыздан қабылданды. Курцтың өзі серіктестерінен прокуратураның бұл өтінішін қолдауды сұраған. Ол сыбайлас жемқорлық ісінде кінәсіз екенін дәлелдейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін экс-канцлер Себастьян Курц парақорлықпен айналысты және сенімді ақтамады деген күдікпен оған қатысты тергеу жүргізілгендіктен қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол республика президентіне еуропалық және Сыртқы істер министрі Александр Шалленбергті үкімет басшысының міндетін атқарушы етіп тағайындауды ұсынды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу