Австрияда COVID-19 тестін тапсырмағандар дүкенге кіре алмайды

897

Пандемия басталғалы бұл елде 561мың  тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырған. 

Австрияда COVID-19 тестін тапсырмағандар дүкенге кіре алмайды

7 сәуірден бастап Австрияда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестен өтпегендер, нақтырақ айтқанда, ауруға шалдықпағанын дәлелдейтін анықтамасы жоқ тұрғындарға азық-түліктік емес дүкендерге кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.Сонымен қатар шаштаразға, басқа да қызмет көрсету орындарына бару үшін осындай анықтама керек. 

Ал азық-түлік дүкендеріне, банктерге, супермаркеттерге, дәріханаларға, пошта бөлімшелеріне қатысты мұндай шектеу енгізілмеді. 

Пандемия басталғалы Австрияда 561мың  тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 9 мыңнан астамы көз жұмған. Осы күнге дейін 516 мың адам ем-дом қабылдап жазылды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 салдарынан өлім-жітімнің көбейгенін хабарлаған еді. Ұйымның мәліметінше, өткен аптада әлемде коронавирус құрбандарының саны 11%-ға өскен, 71 мыңнан астам адам қайтыс болды. Осымен алтыншы апта қатарынан вирус жұқтырғандар саны артуда,соңғы жеті күнде төрт миллионнан астам дертке шалдыққан.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу