Австрияда екпе ектіргендер үшін локдаун енгізіледі

1080

Бұған дейін канцлер Александр Шелленберг 15 қарашадан бастап  вакцинацияланбаған азаматтар үшін локдаун енгізілетінін айтқан болатын.

Австрияда екпе ектіргендер үшін локдаун енгізіледі Фото: reuters.com

Австрия билігі COVID-19 дертіне қарсы вакцина салдырғандарға түнде үйден шығуға тыйым салу жағын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Австрияның Денсаулық сақтау министрі Вольфганг Мюкштайнның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, билік бұдан бөлек бірқатар шектеуді талқылап жатыр. Қосымша шаралар туралы шешім 17 қараша қабылдануы мүмкін.

"Екпе салдырғандарға түнде үйден шығуға тыйым салу мәселесін қарастырып жатырмыз. Мұны маған сарапшылар ұсынды. Мен олармен келісемін. Сондықтан жақын арада шектеу күшіне енеді", – деді министр.

Бұған дейін канцлер Александр Шелленберг Австрияда 15 қарашадан бастап вакцинацияланбаған азаматтар үшін локдаун енгізілетінін айтқан болатын. Жаңа ереже бойынша, жасы 12-ден асқан вакцина ектірген тұрғындар үйден тек азық-түлік пен қажетті заттар үшін дүкендерге барып, жұмысқа және серуенге шыға алады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу