DW басылымының жазуынша, олар ең күрделі бағытты әрі қыс мезгілін таңдауда қателескен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Болжам бойынша, шешімді бұған дейін Гроссглокнерге шығып көрген Томас қабылдаған. Өкініштісі, Керстин сноубордқа арналған ыңғайсыз аяқ киіммен шыққан.
Қас қарайғанда полиция Томаспен байланысуға тырысса да, ол телефонға жауап қатпаған. Жұпқа тікұшақ жіберілген, десе де олар ешқандай белгі бермей, көмекті қажет деп таппаған.
Түн ортасында, шыңға шамамен 50 метр қалғанда, Керстин әрі қарай жүре алмайтынын айтады. Сонда желдің жылдамдығы 74 км/сағатқа жетіп, ауа температурасы -8 C-қа дейін төмендеген. Артқа қайту мүмкіндігі жоқ болған.
Томас көмек үшін Керстинді шыңға жақын жерде қалдыруға мәжбүр болады. Белгісіз себептермен қыз ұйықтауға арналған жылы қап пен төтенше жағдайында қолданылатын көрпені пайдаланбайды. Жақын жердегі тау баспанасынан ешкімді таппаған Томас тек содан соң ғана құтқарушыларға хабарласқан. Қарлы боран салдарынан тікұшақпен құтқару мүмкін болмай, құтқарушылар жаяу шыққан. Таңғы сағат 10-да олар Керстиннің денесін табады.
Сот процесі 19 ақпанда басталып отыр. Томас "абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырды" деген айыппен жауапқа тартылған. Оның адвокаты "полиция мен құтқарушыларды кеш әрекет етті" деп айыптайды. Ал альпинистің өзі бұл оқиғаға қатысты ашық мәлімдеме жасамады. Қыздың отбасы да оны трагедияға кінәлағысы келмейді.