Австрияда вакцина ектірген 55 адам қайтыс болды

878

Екпе егу процесі бұл елде 2020 жылғы желтоқсанда басталды.

Австрияда вакцина ектірген 55 адам қайтыс болды

Австрияда COVID-19 дертіне қарсы вакцина ектіргеннен кейін қайтыс болғандардың саны 55-ке жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы елдің денсаулық сақтау саласының қауіпсіздік жөніндегі федералды агенттігіне сілтеме жасап.

Бірақ олардың өліміне препараттың себеп болғаны не болмағаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.

Өткен аптада Pfizer/BioNtech вакцинасын қабылдағаннан кейін  51 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

"Денсаулық сақтау саласының қауіпсіздік жөніндегі федералды басқармасы COVID-19 вакцинасын ектіргеннен кейін көп ұзамай 55 адамның көз жұмғанын хабарлады (52-сі BioNTech/Pfizer, 2-еуі Moderna, 1-еуі AstraZeneca)", – деп жазылған хабарламада.

BioNTech/Pfizer вакцинасы 1 049 927 рет егілген, оның жанама әсерлері туралы 4288 хабарлама келіп түскен. Moderna  92 920 рет егілген, 443 хабарлама тіркелді. AstraZeneca вакцинасы 346 942 рет егілді , препараттың жағымсыз реакциясы туралы 12 549 жайт тіркелді.

Коронавирусқа қарсы вакцинация процесі Австрияда өткен жылдың желтоқсан айында басталды.

Табиғат Нұрболат

Фото: imperial.ac.uk

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу