Австриялық инвесторлар ОҚО-да кәсіпорын ашуға ниетті

973

Австриялық инвесторлар ОҚО-да кәсіпорын ашуға ниетті

Оңтүстік Қазақстан  облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасының Каринтиядағы (Аустрия) Құрметті консулы Петер Сандриссермен және "Асмед" ЖШС-ы басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Оңтүстік Қазақстан облысы мен Аустрияның және оның өңірлерінің қарым-қатынастарын арттыру мүмкіндіктері мен туризм, спорт, эксклюзивті конақ үйлерді және тұрғын үй кешені жобаларын дамыту, индустрия саласында бірлескен кәсіпорындар құру, технологияларды жетілдіру, білім беру, энергетика, инфрақұрылым, ауылшаруашылығы салаларын дамыту жайында әңгімелесті.

 Отырыста облыс басшысы Ж.Түймебаев іскерлік және инвестициялық ахуалды арттыру үшін өңірімізде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталып, шетелдік инвесторлар үшін тиімділік пен жеңілдіктерді тілге тиек етті. 

"Әкімшілік кедергілерді азайтып, инвесторларға қажетті мәліметтердің қолжетімділігін арттырудамыз.Бір ғана Шымкентте үш индустриалды және бір экономикалық аймақ бар. Бізге келген инвесторларға құжаттарын реттестіріп, өндіріс орны орналасқан жерге инфрақұрылымын жүргізіп береміз", – деді облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы.

Сонымен бірге, өңір басшысы аймағымызға арнайы келген құрметті қонақ П.Сандриссерге Оңтүстік Қазақстан облысы мен Аустрия Республикасының Каринтия аймағының арасында түзілген декларацияға қосқан айрықша үлесі үшін алғысын айтты. Қос мемлекеттің бауырластық қатынастарын нығайту үшін арнайы меморандум түзуге біздің тарап дайын екенін жеткізді.  

Өз кезегінде мәртебелі мейман Оңтүстік Қазақстан облысы туралы оң лебізі мен  өңіріміздің экономикалық дамуына ерекше сенімін  білдірді.  

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 29 қыркүйегінде Аустрия Республикасының Фельден қаласында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық форумы өткен болатын. Сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясын бастап барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалды мен Каринтия аймағы үкіметінің басшысы П.Кейзер арасында ынтымақтастық декларациясына қол қойылған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу