Австрияның бұрынғы канцлері саясаттан кету туралы шешім қабылдады

664

Оған парақорлықпен айналысты және сенімге қиянат жасады деген айыптар тағылған еді.  

Австрияның бұрынғы канцлері саясаттан кету туралы шешім қабылдады

Австрияның бұрынғы канцлері және Австрия халық партиясының жетекшісі Себастьян Курц саясаттан кететінін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz  Kronen Zeitung басылымына сілтеме жасап.

Саясаткердің жақтастарының айтуынша, оның мұндай қадамға баруына ұлының дүниеге келуі себеп болған көрінеді. Курцтың орнына, яғни партия төрағасы ретінде Ішкі істер министрі Карл Нехаммер тағайындалады.

Бұған дейін елдің Ұлттық кеңесі Курцты депутаттық дербес құқықтан айырған еді. Оған парақорлықпен айналысты және сенімге қиянат жасады деген айыптар тағылды. Бірақ саясаткер бұл айыптарды мойындамады. Курцтың айтуынша, оның кінәсіз екенін тәуелсіз сараптама дәлелдеген.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу