Австрияның жаңа канцлері 11 қазанда қызметіне кіріседі

726

Курц отставкаға кетті.

Австрияның жаңа канцлері 11 қазанда қызметіне кіріседі Фото: reuters.com

Австрияның жаңа канцлері Александер Шалленберг 11 қазанда қызметіне кіріседі, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. Ол бүгін ант қабылдайды.  

Ел Президенті Александр Ван дер Белленнің айтуынша, Шалленберг пен Вице-канцлері Вернер Коглер ел үшін қолдан келгенді жасайтындарын айтқан. 

Заңгер, кәсіби дипломат Александр Шалленберг 52 жаста, ол бірнеше шетел тілін меңгерген. Ол Австрияның бұрынғы канцлері Курцтың бағытын, әсіресе көші-қон проблемаларына қатысты ұстанымын қолдайды. 

Бұған дейін экс-канцлер Себастьян Курц парақорлықпен айналысты және сенімге қиянат жасады деген күдікпен оған қатысты тергеу жүргізілгендіктен қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол республика президентіне Еуропалық және сыртқы істер министрі Александр Шалленбергті үкімет басшысының міндетін атқарушы етіп тағайындауды ұсынды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу