Астанадағы автобус апаты: қос аяғынан айырылған Алуа протезбен алғашқы қадамын жасады

74

Оның видеосы әлеуметтік желідегі парақшасында жария болды.

Астанадағы автобус апаты: қос аяғынан айырылған Алуа протезбен алғашқы қадамын жасады Фото: видеодан алынған кадр

Астанадағы автобус апатынан кейін қос бірдей аяғынан айырылған Алуа Бекен протезбен жүруді үйрене бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кадрларда 8 жастағы Алуаның бар күшін салып, қайта жүруді үйреніп жатқаны көрінеді.

Баламен жұмыс істеген мамандардың айтуынша, Алуа алғашқы күндердегідей емес, қазір жиі күлімдеп, айналасындағы адамдармен еркін араласа бастаған.

Оның эмоционалдық тұрақтылығы артып, өзіне сенімі күшейген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу