Алматыда автобус бен тепловоз соқтығысып, 6 адам жарақат алды

Оқиға Алматының Алмалы ауданында болған.

Алматыда автобус бен тепловоз соқтығысып, 6 адам жарақат алды Фото: Massaget.kz/Нұрбол Жылыс

Қоғамдық көлік пен пойыздың соқтығысуынан 6 адам зардап шеккен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласы Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының сағат 11:40-та болғанын хабарлады. Оқиға Алмалы ауданында тіркелген. Қазіргі уақытта жарақат алған жолаушыларға медициналық көмек көрсетілуде. 

– Жеке тасымалдаушыға тиесілі № 88 автобус М.Әуезов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Гоголь көшесінің солтүстігінде батысқа қарай теміржолмен келе жатқан тепловозбен соқтығысты. Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктің 6 жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу