Астанада автобус қағып кеткен екі бойжеткен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"30 мамыр күні сағат шамамен 14:45 кезінде №16 автобус Абай көшесімен "Жаннұр" сауда үйінің маңында Уәлиханов көшесіне қарай сағатына 50 шақырым жылдамдықпен (Wialon Pro бағдарламасына сәйкес) келе жатқан. Осы кезде автобус жаяужолда келе жатып, артына қарамай бір мезетте жолдың рұқсат етілмеген бөлігіне шығып кеткен жаяу жүргіншілерді қағып кетті", - деп хабарлады "Астана-ЛРТ" баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.
Оның айтуынша, 1993 және 1990 жылғы екі бойжеткен ауруханаға жеткізілген.
"Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.