Автобус қағып кеткен көше сыпырушының 4 баласы жетім қалды

1887

Төрт жыл бұрын әкелерінен айырылған екен. Әйел бала-шағасымен пәтер жалдап тұрған. 

Автобус қағып кеткен көше сыпырушының 4 баласы жетім қалды

Кеше Темірлан тас жолы бойында қоғамдық автобус көше тазалап жүрген "ЛТД Тұрмыс" серіктестігінің жұмысшысын қағып кеткен еді. Марқұмның туысқандарының айтуынша, мерт болған келіншектің күйеуі осыдан төрт жыл бұрын көз жұмыпты. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қазір туыстарының қолында, деп хабарлайды otyrar.kz.

Отбасының қайғысына "ЛТД – тұрмыс" ЖШС ұжымы ортақтасты. Марқұм бұл серістестік қарамағында екі жылдан бері аула сыпырушы болып жұмыс істеп келген. Жұмыс орнындағы әріптестері отбасыға көңіл айта отырып, материалдық көмек көрсетті.

ІІД өкілдерінің мәлімдеуінше, аула сыпырушыны қағып кеткен жүргізушінің автобусы айып тұрағына жеткізілді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу