Автобус қағып кеткен қыздың жағдайы ауыр

1163

Бойжеткен жансақтау бөліміне жатқызылған.

Автобус қағып кеткен қыздың жағдайы ауыр

Алматыда автобус басып кеткен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының баспасөз қызметі  хабарлағандай, бойжеткен №7 ауруханаға жеткізілген.

"Науқас №7 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оң жақ бөксесі мен жіліншігінің еті жыртылып кетіп ауыр жарақат алған. Бойжеткен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр",– деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, бұл оқиға бүгін болған.

Таңғы 8 шамасында 45 маршрут жүргізушісі Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезінде жаяу жүргіншіні басып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу