Автобус кондиционерінің ішінен контрабандалық темекі табылды

Тауар бойынша алдын ала есептелген төленуге тиісті кедендік төлемдері мен салықтар -  1,1 млн теңгені құрады. 

Автобус кондиционерінің ішінен контрабандалық темекі табылды Фото: Қаржы министрлігі

Автокөлік  салонының жоғарғы багаж бөлігінде орналасқан кондиционердің ішінен 299 блок немесе 3 мыңға жуық қорап "MOND" маркалы темекі өнімдері табылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Заң бұзушылықты 2023 жылдың 25 қыркүйегінде Жетісу облысында "Қорғас-ШХЫО" кеден бекетінің қызметкерлері Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қытайдан келе жатқан қазақстандық азаматтың басқаруындағы "ISUZU TURQUIOSE" маркалы автобусқа кедендік бақылау жүргізу кезінде анықтаған.

"Тауар бойынша алдын ала есептелген төленуге тиісті кедендік төлемдері мен салықтар - 1,1 млн теңгені құрады. Бекітілген нормаларға сәйкес бір жеке тұлғаға 200 темекіні немесе 1 блок темекіні тасымалдауға болады (ЕЭК-ның 2017 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 107 шешімі). Қазіргі уақытта контрабандалық тауар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту және іс материалдарын сотқа жіберу бойынша іс-шаралар жүргізілуде", – деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Соттың шешімі бойынша құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болған тауарлар тәркiленуі мүмкін, сондай-ақ 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу