Автобус шығару биыл 2 есеге қысқарды

638

Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша отандық автозауыттар өткізген автокөлік құралдарының саны 12 851 бірлікке жетті.

Автобус шығару биыл  2 есеге қысқарды

2018 жылдың I жартыжылдығында қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 88,3 млрд теңгені құрайтын сомаға 14 660 бірлік автокөлік құралы шығарылды. Шығару көлемі заттай мәнде өткен жылғы көрсеткіштен 67,2%-ға асты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Автобус техникасын шығару биыл  6 ай ішінде 2 есеге қысқарды. Жүк автомобильдерінің өндірісі  өткен жылғы көрсеткіштің деңгейінде сақталды. Мамандандырылған автомеханиканы шығару 46 бірліктен 86 бірлік тіркемеге дейін – 145 бірліктен 210 бірлікке дейін ұлғайды.

2018 жылдың маусым айының нәтижелері бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 2 791 бірлік автокөлік құралдары шықты, бұл 2017 жылғы нәтижелерден (1 815 бірл) 53,8%-ға жоғары.

Биылғы 6 айдың қорытындылары бойынша отандық автозауыттар өткізген автокөлік құралдарының саны 12 851 бірлікке жетті, бұл өткен жылғы мәннен (7 729 бірл) 66,3%-ға жоғары.

Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 36,9% қарағанда 47,3%-ға дейін ұлғайды.

Жергілікті жерде құрастырылған автомобильдер сегментіндегі үстем жайғасым "АЗИЯ АВТО" АҚ-ға тиесілі – 7 298 автомобиль сатылды немесе өткізілген отандық техниканың қосынды санының 56,8% құрайды.

"СарыарқаАвтоөнеркәсіп" ЖШС 4 913 бірлік автокөлікті өткізді (сегменттегі үлесі – 38,2%). Отандық автоөндірушілер өнімін өткізу рейтингінде одан әрі "СемАЗ" ЖШС, "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, "Hyundai Trans Auto" ЖШС және "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС жайғасты.

Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің сұранысқа анағұрлым ие бестігіне I жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Lada (5 703 бірл.), Hyundai (3 206 бірл.), KIA (1 248 бірл.), JAC (642 бірл.) және Ravon (537 бірл.) кірді. Отандық кәсіпрындар ұсынатын маркалардың тізіміне сондай-ақ Chevrolet (463 бірл.), Skoda (221 бірл.), Peugeot (104 бірл.) және SsangYong (7 бірл.) кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу