Қарағандыда қала ішіндегі жолаушы тасымалында жүрген 43-автобус жүргізушісі жолда ұялы телефоннан ойын ойнап отырған. Ол тіпті назарын жолға аудармастан бар зейінімен ойын ойнаған. Мұны көрген жолаушылардың бірі бұл көріністі бейне таспаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберген. Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Жолаушылар "осындай көлік жүргізушісінің кесірінен өмірімізге қауіп төніп, апаттық жағдайға тап боламыз ба?" – деп алаңдайды.
Бұған дейін жолаушылар 53-автобус жүргізушісінің қылығында желіге салған болатын. Мұнда ол жол үстінде ұялы телефонмен сөйлесіп отырған әрі шемішке шаққан. Көлік жүргізушілері жолаушылардың айтқан ескертуіне құлақ аспаған.
Полиция Департаменті жол үстінде ойын ойнап отырған автобус жүргізушісін анықтаған. 22 жастағы ер адам әкімшіліктік құқық бұзушылық кодексінің 591 бабы бойынша әкімшіліктік хаттама толтырған. Бұл іске қатысты материал сотқа жіберілген.
Еске сала кетсек, Қарағанды қаласында жолақысы 80 теңгеден 150 теңгеге көтерілген болатын. Жолақысы оңай картасы бар тұрғындар үшін ғана 80 теңге болып қалды. Қарағандылықтар жолақысы көтерілгенмен қызмет көрсету сапасының жақсармай отырғанына шағымданады. Автобустарда үнемі жолаушы толып жүреді және кешкі сағат сегізден кейін қоғамдық көліктің қарасы сиреп қалады.